БАТУМИ АУДАНДАРЫ: ҮЙДІ ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖАЛҒА АЛҒАН ДҰРЫС? - sea-inside.net
  • RU
  • EN
  • GE
  • © Sea Inside 2019-2023
    Оқу уақыты: 2 минут
    Автор: admin

    БАТУМИ АУДАНДАРЫ: ҮЙДІ ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖАЛҒА АЛҒАН ДҰРЫС?

    Батумиде тұру үшін ең жақсы аймақ қайсы? Курорттық қалада қандай кварталдар ең қолайлы? Ашығын айтайық.

    Туристік орталық, қаланың тарихи бөлігі немесе тыныш жасыл квартал: Батумиде пәтерді жалға алудың ең жақсы жері қайда? SeaInside әйгілі Қара теңіздегі Грузия курортында төрт жылдан астам жұмыс істейді, біз осы шуақты қалада жылжымайтын мүлік сатумен айналыса отыра әр аймақтың жақсы және жаман жақтарын терең зерттедік. Сіздермен де бөліскелі отырмыз.

    Батуми аудандары: қайда тұру тиімді

    Қала шартты түрде екі үлкен бөлікке бөлінеді: ескі және жаңа. Ескілеріне бульвар, порт, Еуропа алаңы, Руставели даңғылы, Горгиладзе көшесі жатады. Жаңасына – Жаңа бульвар, Химшиашвили, Леч және Мария Качинский көшелері мен аквапарк кіреді. Екі бөлікте өмір сүруге ыңғайлы. Курорт пішіні ұзын болып келеді, яғни ұзын жағалау бойында орналасқан. Сондықтан аттракциондар мен ойын-сауық орындары бар туристік орталық та кеңінен орналасқан. Бұл қала картасындағы бір нүкте емес, бірнеше нүкте. Сонымен, Батуми ескі және жаңа болып бөлікке бөлінгенмен ар ауданның орталық аудандары бар.

    Ескі Батуми

    Бірегей сәулет, тар төселген көшелер, аласа үйлер мен итальяндық аулалар жылы және жақын атмосфера жасайды. Қаланың қақ ортасында тұру керемет әсер береді. Сонымен қатар, теңіз және негізгі көрікті жерлер аяқ аттам жерде. Астрономиялық сағат мұнарасы, Еуропа алаңы, Әли мен Нино мүсіні, Әліппе мұнарасы, бульвардағы ән шырқайтын субұрқақтар – мұның бәрі жаяу қашықтықта. Ал пәтерлер әртүрлі баға санаттарында жалға беріледі. Сондай-ақ 4* және 5* класты қонақ үйлер де осы бөлікте орналасқан. Қаланың бұл бөлігінде жаңа құрылыстарды мүлдем кездестірмейсіз десек те болады.

    Жаңа Батуми

    Қала қарқынды түрде кеңейіп, бірден инфрақұрылыммен жабдықталған жаңа кварталдар бой көтеруде. Зәулім үйлер күн санап өсіп келеді. Бұл бөлікте өмір қайнап жатыр: аквапарк, казино, мейрамханалар, кафелер, аттракциондар соған дәлел. Бұл кварталдың басты көшесі — Шериф Химшиашвили. Ол теңіз бойына созылып жатыр және туристер арасында өте танымал. Жалға берілетін тұрғын үйлердің көпшілігі жаңа апартаменттер, пәтерде тұруды жөн көретін туристтерге өте тиімді. Өйткені барлығық пәтерлер жаңа және заманауи стандарттарға сай қолайлы жағдайлар жасалған. Пәтерлер теңіз, тау немесе қала көрінісін ұсынады. Жағажай жақын болғанмен, тарихи орталықтан алыс (жаяу 40 минут немесе көлікпен 10-15 минут).

    Батумидің тыныш аймақтары

    Сіз ұзақ уақытқа, яғни бірнеше ай, бір жыл өмір сүру немесе жұмыс істеу үшін осында көшуді жоспарласаңыз қаланың қойнауындағы теңізден алыс жерде орналасқан пәтерлерге мән беріңіз. Себебі, бұл жерден туристік аумақтарға қарағанда арзанырақ тұрғын үйді жалға алуға болады. Мұнда көптеген жаңа ғимараттар бар, сондықтан кез келген талғамға арналған жайлы пәтерлердің үлкен таңдауы бар.

    Қала маңы

    Қала маңындағы елді мекендер бір бөлек әңгіме. Көптеген туристер — Махинджаури, Гонио, Квариати атты шалғай жерлерді таңдайды. Бұл шағын оңаша ауылдар, олардан Батумиге көлікпен шамамен 15 минутта жетуге болады. Адам көп жиналатын жерлерді ұнатпайтындар және мөлдір теңізді, әдемі табиғат пен тыныштықты ұнататындар сонда қалуды ұнатады.
    SEA INSIDE – Тбилиси мен Батумиде сатылатын жылжымайтын мүліктердің үлкен дерекқоры. Бізге хабарлас. Ең жақсы нұсқаларды бірге табайық.

    ГРУЗИЯҒА КӨШІСУГЕ КӨМЕК БЕРІҢІЗ
    Өтінім қалдырыңыз, біз сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз, сізге
    -ны жылжытудың қыр-сырын айтып береміз және әрі қарай қадамдар бойынша сізге нұсқау береміз.